×

“Бізді шықпайды деп ойлайсыңдар ма”: Перизат Нұрымова сотталушылар қоқан-лоқы көрсеткенін айтты

Оның айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған

“Бізді шықпайды деп ойлайсыңдар ма”: Перизат Нұрымова сотталушылар қоқан-лоқы көрсеткенін айтты
Сурет: Qaz365.kz

Шерзаттың отбасы прокурорлар сұраған жаза мерзімдерімен келіспейді. Тіпті сотталушылар тарапынан қоқан-лоқы көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Перизат Нұрымованың айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған.

«Біздің отбасы риза емес. Прокурор сұраған жаза мерзімдері бізді қанағаттандырмайды. Біздің адвокаттар істің "топ болып кісі өлтіру" бабы бойынша қаралуын талап етті. Олар бірге, бір топ болып келді, ал сот неге оларды жеке-жеке қарап, әртүрлі мерзім тағайындап жатыр. Жаза топтық сипатта болуы тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ Перизат Нұрымова сотталушылар ым-ишарамен қоқан-лоқы көрсеткенін де айтты.

“Бұл бап та болмауы, сотқа да жетпеуі мүмкін еді. Қазір сот біткен күннің өзінде де бұл балалардың ешқандай өкініші жоқ. Бізге атылып, ата-аналары да атылып, “біз шықпайды деп ойлайсыздар ма?” деген қоқан-лоқылары әлі жасалып жатыр. Бізге қолдарымен, ишарамен көрсетілген қоқан-лоқылары бар. Сот кезінде де ол болды, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →