×

Сот үкімі шыққанын естіген соң Дидар Қалиахметтің анасын жедел жәрдем алып кетті

Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан

Сот үкімі шыққанын естіген соң Дидар Қалиахметтің анасын жедел жәрдем алып кетті
Сурет: әлеуметтік желіден

Бүгінгі Шерзат Болат ісіне қатысты сот үкімі шыққанын естіген соң Дидар Қалиахметтің анасын жедел жәрдем алып кетті,  деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Айта кетейік, Дидар Қалиахмет қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот үкімі шыққаннан кейін сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып, наразылық танытқан.

Олардың айтуынша, тергеу процесі тиісті деңгейде жүргізілмеген және бұл жайт үкімнің әділдігіне күмән келтіреді. 

Сонымен қатар, кейбір туыстар Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубайға қарсы заңды түрде шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Оның айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →