×

Астана аспанында белгісіз нысандар ұшып жұртты алаңдатып қойды

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.

Астана аспанында белгісіз нысандар ұшып жұртты алаңдатып қойды

Бүгін, 5 маусым күні кешке әлеуметтік желілерде Астана тұрғындары аспанда ұшып бара жатқан белгісіз нысандарды байқағанын жарыса жазуда. Куәгерлердің айтуынша, нысандар жылдам қозғалған және ерекше жарық шығарған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.

Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді, — делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан
Оның айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →