×

Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған

Оның айтуынша, сотталушылар қысым көрсетіп, жағдайды ушықтыруға тырысқан.

Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Болаттың сотынан кейін жәбірленушілердің құқығын қорғаған адвокаттарға сотталушылар тарапынан қысым болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкім шыққаннан кейін сотталушылардың әрекетін көрдік. Адамды өлтіріп қоя жаздады. Ана жерде сот болып, қаншама күзетші тұр, сонда да әйнекті сындырып, маған қарай, бізге қарай ұмтылды. Шынасыл Абзал мені қорқытатындай әрекет жасады. Мен еш нәрседен қорықпаймын. Асарымды асап, жасарымды жасаған адаммын, — деді Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, сотталушылар қысым көрсетіп, жағдайды ушықтыруға тырысқан. Егер олар кінәсін мойындап, шын өкініш білдіргенде, жазалары жеңілдеуі мүмкін еді деп отыр.

Мен оларға да, адвокаттарына да кеңес бердім. “Сендер дұрыс кеңес беріп отырған жоқсыңдар” дедім, - дейді адвокат.

Айта кетейік, 5 маусымда осы іске қатысы бар делінген 9 адамға сот үкімі шықты. Негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл — 23 жылға, ал Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған жеті адам бұзақылық үшін 1,5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →