×

Қарағандылық танымал ақын 48 жасында өмірден өтті

Қарағандылық танымал ақын 48 жасында өмірден өтті

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, республикалық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері Қайрат Асқаров өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайрат Белгібайұлы Асқаров — 1977 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында дүниеге келген. Н.Нұрмақов атындағы облыстық №2 мектеп-интернатында білім алған. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Филология факультетінің түлегі. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Республикалық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері. 2011 жылдың маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша «Дауыс» атты жыр жинағы «Жалын» баспасында жарық көрген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →