Адам өлтірді деген күдікке ілінген отбасыдан төрт асыранды баланы мемлекет қарамағына алу шешімі қабылданды.
Жамбыл облысының Талас ауданында 35 жастағы ер адам асырап алған 10 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Себебі бүлдіршін өлер алдында аяусыз соққыға жығылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бала өліміне қатысты қайғылы жағдай асырап алған отбасылардың бірінде болды. Бұл жанұяда марқұмнан бөлек тағы төрт бала тәрбиеленіп жатқаны анықталды. Алдын ала берілген мәліметтерге зер салсақ, қайтыс болған балаға бұған дейін де қатыгездік жасалғаны белгілі болды.
Адам өлтірді деген күдікке ілінген отбасыдан төрт асыранды баланы мемлекет қарамағына алу шешімі қабылданды.
Балаларды асыраған және қылмысқа қатысты күдікке ілінген азамат әскери қызметкер болып шықты.
Мәліметке сәйкес, Жуалы ауданында тұратын отбасы тағы төрт асырап алған баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы оқиға кезінде олар Таласта болған. Тергеу олардың басқа ауданда болу себебін анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиға орын алған күні отбасындағы патронаттық және қамқоршылық тәрбиедегі өзге балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, оларды дереу отбасынан алып, мемлекеттік мекемеге орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда балалар мемлекеттің қамқорлығы мен қорғауында. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды, - делінген облыстық полицияның хабарламасында.