×

Алматыда қылмыстық топ шетел азаматын пәтерде күшпен ұстап, ақша бопсалаған

Тінту нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленген

Алматыда қылмыстық топ шетел азаматын пәтерде күшпен ұстап, ақша бопсалаған
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ұйымдасқан қылмыскерлер тобы шетел азаматын күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ішкі істер министрлігі бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтардың әрекетінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. 3 маусымда Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады. Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді”, –  деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Анықталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болған
Қылмыстық істі Германияның құқық қорғау органдары қозғаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →