×

Германияда қаза тапқан астаналық экс-судьяның енесіне іздеу жарияланды

Қылмыстық істі Германияның құқық қорғау органдары қозғаған

Германияда қаза тапқан астаналық экс-судьяның енесіне іздеу жарияланды
Сурет: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Германияда қаза болған Айгүл Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцоваға халықаралық іздеу жарияланды. Наталья Донцова кісі өлтіру ісі бойынша айыпталып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Қылмыстық істі Германияның құқық қорғау органдары қозғаған.

«Германия СІМ мәліметіне қарағанда, Дармштадт қалалық сотының шешімімен марқұмның күйеуінің анасы Наталья Донцова кісі өлтіру бойынша айыпталушы деп танылған. Неміс полициясы оған Германия және Еуроодақ аумағында іздеу жариялау туралы ордер берген. Қазір оның қайда жүргені белгісіз, сондықтан ол халықаралық іздеуде», — деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Сайлыбаева соңғы жылдары Бенсхайм қаласында күйеуі, екі жасар қызы Жаклин және енесі Наталья Донцовамен бірге тұрған. 2024 жылдың 4 маусымы күні таңертең Айгүл қызын балабақшаға апарған. Кешке қарай қаланың шетінде полиэтилен қапқа оралған денесі табылды. Мойнында, беті мен қолында пышақ жарақаттары болған. Ол Астанада Сарыарқа ауданының судьясы қызметін атқарған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болған
Тінту нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →