×

Павлодарда көпірден секірмек болған жүкті әйел құтқарылды

Ол Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болған

Павлодарда көпірден секірмек болған жүкті әйел құтқарылды
Сурет: Бейнеден кадр

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жүкті әйелге дер кезінде көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“102 жедел нөміріне бейтаныс әйелдің Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болғаны жөнінде куәгерден хабарлама келіп түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Павлодар қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Талғат Камзин мен Еламан Каримов жедел жетті. Келген бойда полицейлер көпірде отырған әйелді байқап, кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етуінің арқасында оны аман алып қалды. Әйел адам жағаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылды”, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары күн сайын қызметке кірісе отырып, тек құқық бұзушылықпен күресіп қана қоймай, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға да қол ұшын созуға дайын екендіктерін айтып жеткізген.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ұшақ Меганинагар ауданына жақын орналасқан тұрғын үй секторының үстіне құлаған
Біздің сауалымызға Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі жауап қайырды.
Апат салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →