Қайғылы оқиға наурызда болған.
2025 жылғы 10 маусымда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған балаларын өлтірген әйел «Д» есімді әйелдің ісін қарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 23 наурызда Қандыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы пәтерде «Д» есімді әйел психикалық күйзеліс жағдайында 2022 және 2024 жылдары туған екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген.
Сот отырысына «Д» қатысқан жоқ. Оның өкілі сотқа әйелдің босанғаннан кейінгі күйзелістен зардап шеккенін және ем қабылдағанын мәлімдеді. Мемлекеттік айыптаушы оны мәжбүрлеп емдеуге жіберу шарасын қолдады.
Психологиялық-психиатриялық сараптама нәтижесінде, «Д» ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, интенсивті бақылаудағы психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілуі тиіс деген қорытынды берілді.
Сот «Д-нің» қылмыстық заңмен тыйым салынған, қоғамдық қауіпті әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасағанын мойындап, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Сонымен қатар оған қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы – интенсивті режимдегі психиатриялық стационарда ем қабылдау қолданылсын деген шешім шығарылды, – деп хабарлады сот.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.