×

"Балам детдом-да өспесін": Қарағандыда жаңа туған сәбилерді екі отбасыға берген жас ана мен мейірбике сотталуда

Олар бір баласыз отбасыға қызды, басқа бір отбасыға ұлды "сыйға" берген

"Балам детдом-да өспесін": Қарағандыда жаңа туған сәбилерді екі отбасыға берген жас ана мен мейірбике сотталуда
Сурет: aikyn.kz

Қарағандыда қыз бен ұлды баласыз отбасыларға «сыйлаған» әйелге ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы сұралды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда жаңа туған сәбилерді «сыйлау» ісі бойынша айыпталғандарға қатысты прокурор ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот алдында медбике мен екі ерлі-зайыпты жұп жауап беруде. Олар баланы алуға тырысқан. Медициналық қызметкерге заңсыз келісімге делдал болды деген айып тағылған.

Сотта айыпталушылардың қатарында биологиялық ана да бар. Бұған дейін прокуратура қылмыстық істің бабының саралануын өзгерткен. Енді бұл – бала сату емес, "сыйға тарту" ретінде қарастырылуда. Айыпты мойындаған биологиялық ана мен бір қабылдаушы отбасыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Ал екінші отбасы мен медицина қызметкеріне – 9 жыл.

«Ол шағын елді мекенде тұратындықтан, некесіз бала босанғаны бірден белгілі болар еді. Сондықтан ол баланы бөтен отбасына беруді, яғни оларға кәмелетке толмаған баланы сыйға тартуды шешкен», – деді прокурор Нұрбек Құзбақов.

Тергеу нұсқасы бойынша, ауыл тұрғыны алдымен бір баласыз отбасыға қызды, ал арада бір жарым жыл өткен соң басқа бір отбасыға ұлды "сыйға" берген. Оған Қарағанды перзентханасының медбикесі көмектескен. Некеде жоқ биологиялық ана «әке» деген жолға болашақ асырап алушының атын жазған. Кейін сол адамның заңды әйелі баланы ресми түрде асырап алған. Туған ананың айтуынша, ол балаларды асырай алмаған, бірақ балалар үйіне бергісі келмеген. Қазіргі таңда балаларды бейімдеу орталығына орналастырғанымен, олардың психологиялық жағдайының нашарлауына байланысты, сот шешімі шыққанға дейін оларды сол отбасыларда қалдыру ұйғарылған. Қазір қыздың жасы үште, ұл екі жаста.

«Ол баланы жай ғана беріп қойған жоқ, нақты талаптары болды: бала балалар үйіне түспеуі, жақсы тұрмыста өсіп, дұрыс тәрбие алуы қажет еді. Меніңше, бұл әлеуметтік мақсат болды. Қазақта: "Қазақ баланы жетім қалдырмаған" – деген дәстүр бар, яғни ешқашан жетім қалдырмаған», – деді айыпталушылардың қорғаушысы Алмас Абдақасов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бүгін Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787-8 ұшағы апатқа ұшырады
Оны іздестіру жұмыстарына 500-ден астам полиция қызметкері тәулік бойы жұмылдырылған
Жараланғандар жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →