×

Астанадағы автобус апаты: Екі аяғынан айрылған қызға автопарк өмір бойы көмектеседі

№1 автопарк бұл уәдені заң жүзінде рәсімдейді

Астанадағы автобус апаты: Екі аяғынан айрылған қызға автопарк өмір бойы көмектеседі
Коллаж: Автобус апаты/ аяғынан айрылған Алуа мен анасы

Астанадағы автобус апатынан зардап шегіп, екі аяғынан бірден айрылған Алуаның отбасына автопарк өмір бойы көмектесетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы автопарк басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов зардап шеккен қыздың туыстарымен кездесуінде мәлімдеген.

“№1 автопарк басшылығы  өмір бойы көмектесуге уәде берді. Бұл уәдені заң жүзінде рәсімдейміз деп отыр”, – дейді Алуаның туыстары.

5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Махаббатқа жан-жақты материалдық қолдау көрсетіледі және барлық қажетті шығындары өтелмек. 

Еске сала кетейік, осыған дейін қыздың отбасына: 

  • Сақтандыру компаниясы — 19,6 млн теңге өтемақы;
  • Автопарк басшылығы — 10 млн теңге көмек;
  • Қала әкімдігінен — 4-бөлмелі пәтердің кілті тапсырылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, өзі де секіріп кеткен
Бүгін, 14:46

Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, өзі де секіріп кеткен

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде.
Пекинде бірнеше күн ішінде жылдық мөлшерге тең жауын-шашын жауды. Қатты нөсердің салдарынан кенеттен болған тасқындар кемінде 30 адамның өмірін қиды
Ол жедел жәрдем бригадасына табысталды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →