×

Техника жарты жолда аударылып қалған: Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты

Бірнеше баспананы жайпап өткен қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған

Техника жарты жолда аударылып қалған: Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты
Сурет: Бейнеден скриншоттар

Алматыда тұрғын үйдегі шыққан өрттен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеп отыр.

“Тұрғын үйде газ баллоны жарылып, қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Бірнеше баспана, шаруашылық құрылыстар отқа оранған. Оқиға орнына 15 техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылып, өрт толық ауыздықталды. Үйдің ішінен бір адамның мәйіті табылды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Шақыртуға асығып бара жатқан өрт сөндіру көлігі жарты жолда аударылып қалған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Көлік жедел түрде қалпына келтіріліп, оқиға орнына қайта жұмылдырылған.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →