×

Бортында 242 адам болған: Үндістаннан Лондонға бет алған ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ Меганинагар ауданына жақын орналасқан тұрғын үй секторының үстіне құлаған

Бортында 242 адам болған: Үндістаннан Лондонға бет алған ұшақ апатқа ұшырады
Фото: Видеодан алынған кадр

“Air India” әуе компаниясының ұшағы Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған еді, алайда әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 240-тан астам адам болған, деп хабарлайды Qaz365.kz  тілшісі NDTV-ге сілтеме жасап.

Жолаушылар ұшағы Үндістанның батысындағы Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайының маңында құлаған.

Ұшақтың Air India компаниясына тиесілі екені және Лондонға бет алғаны нақтыланды. Бортта 232 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі барлығы 242 адам болған. 

“Air India” компаниясы X әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметке сәйкес, ұшақ көтерілген соң бірнеше минуттан кейін қайғылы оқиға орын алған. Әуе компаниясы оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр және кейінірек толық ақпарат беретінін хабарлады. Ұшақ AI171 рейсімен Ахмедабад – Лондон (Гатвик әуежайы) бағытымен ұшқан.

Times of India басылымының жазуынша, апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң болған. Құлаған жерде бірнеше шақырымнан көрінетін қою қара түтін көтерілуде.

Ұшақ Меганинагар ауданына жақын орналасқан тұрғын үй секторының үстіне құлаған. Апат орнына баратын жолдар уақытша жабылған.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, өзі де секіріп кеткен
Бүгін, 14:46

Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, өзі де секіріп кеткен

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде.
Пекинде бірнеше күн ішінде жылдық мөлшерге тең жауын-шашын жауды. Қатты нөсердің салдарынан кенеттен болған тасқындар кемінде 30 адамның өмірін қиды
Ол жедел жәрдем бригадасына табысталды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →