×

Үндістандағы ұшақ апаты: Ұшақ бортында зардап шеккен Қазақстан азаматтары бар ма?

Жараланғандар жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілуде

Үндістандағы ұшақ апаты: Ұшақ бортында зардап шеккен Қазақстан азаматтары бар ма?
Сурет: Бейнеден кадр

Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787-8 ұшағы бортында 242 жолаушы және 12 экипаж мүшесімен апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың ішінде 169 — Үндістан азаматы, 53 — Ұлыбритания, 7 — Португалия, сондай-ақ Канада мен басқа елдерден бір-бір азаматтан болған.

Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары тіркелген жоқ. Жараланғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілуде.

Еске сала кетейік, апат Ахмедабад әуежайынан ұшып шыққаннан бірнеше минут өткен соң орын алған. Ұшақ тұрғын үй орналасқан ауданға құлап, өрт пен жергілікті халық арасында дүрбелең тудырды. Құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеуде, ауданға кіруге шектеу қойылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →