×

"Вокзалда бомба бар": Алматы тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Мемлекеттік органдарға келтірілген шығын 3,3 млн теңгеден асқан

"Вокзалда бомба бар": Алматы тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: kk.wikipedia.org/

Алматылық тұрғын вокзалда бомба туралы жалған хабар бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасы мәлімдеді.

“Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны теміржол вокзалдарында жарылғыш зат қойылғаны туралы бірнеше жалған хабар бергені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын өтеу барысында төрт рет таксофон арқылы қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған. Оның әрекеттері эвакуация мен төтенше қызметтердің жұмылдырылуына себеп болды. Жалған дабылдың салдарынан мемлекеттік органдарға келтірілген шығын 3,3 млн теңгеден асты. Жүргізілген сараптамалар қоңырау шалған адамның жеке басын және оның сөздерінде тікелей қауіптің болғанын растады. Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша кінәлі деп таныды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотталушы мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге және өтемақы төлеуге міндеттелді. Көлік прокуратурасы мұндай қылмыстар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, ауыр салдарға әкелетінін ескертіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды
Кеше, 21:32

Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды
«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →