×

Бишімбаевтың інісі Байжанов амнистиямен бостандыққа шығуы мүмкін

Рақымшылық екі бағытта жүзеге асырылады: біріншісі – жазадан толық босату, екіншісі – жаза мерзімін қысқарту

Бишімбаевтың інісі Байжанов амнистиямен бостандыққа шығуы мүмкін
Коллаж: Kursiv.media

Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы оның қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев хабарлады.

Қазіргі таңда Байжановқа рақымшылық қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 

“Заң бойынша, жазаның өтелмеген бөлігінің үштен бірі қысқартылады. Сонымен қатар, мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңілдетілген режимге ауыстыру мүмкіндіктері бар. Осы талаптардың бәрі Бақытжан Байжановқа қатысты қолданылуы мүмкін” – деді адвокат Ынтықбаев.

Рақымшылық екі бағытта жүзеге асырылады: біріншісі – жазадан толық босату, екіншісі – жаза мерзімін қысқарту. Байжанов толық босатуға жатпайды, бірақ жаза мерзімін қысқарту талабына сай келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын
Құралбаевтар отбасы істің әділ қаралуын және барлық кінәлілердің толық жауапқа тартылуын талап етуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →