×

"Басымды балғамен ұрды": Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жықты

Оқиға  №52 бағыттағы автобуста болған

"Басымды балғамен ұрды": Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жықты
Сурет: Бейнеден кадр/жәбірленуші

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жыққаны үшін қамауға алынды. Жолаушы ретінде автобусқа отырған кәмелетке толмаған бозбала жол ақысын төлеуден бас тартып, бірге болған достарымен жүргізушіні соққыға жыққан,  деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 маусым күні Шымкент қаласындағы Бекжан базары маңында №52 бағыттағы автобуста болған. 34 жастағы жүргізуші Максат Жолаевтың айтуынша, ол жасөспірімнен жол ақысын төлеуді сұраған, алайда бозбала оған балағат сөздер айтып, автобустан түсуін талап еткен. Көліктен түскен соң, көшеде жасөспірім қасындағы екі серігімен бірге жүргізушіге шабуыл жасаған.

— Түссем, үш бала күтіп тұр екен. Біреуі басыма балғамен ұрды. Екіншісінің қолында кастет болды. Бетіме соққы беріп, бетім жыртылып кетті. Сосын есімді жоғалттым. Одан кейін не болғанын білмеймін, — дейді Максат Жолаев.

Жүргізуші есінен танып қалған. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып, ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деп бағаланып, жалпы палатаға ауыстырылды.

Полиция күдікті 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Сот оны екі айға қамауға алу жөнінде санкция берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті мен әуе кемесінің сынықтары табылды
09.08.2025ж. 13:33

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті мен әуе кемесінің сынықтары табылды

Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.
Полицияның мәліметінше, қақпа дұрыс бекітілмеген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →