×

Әкімдік жол белгісін орнатпаған: Сәтбаевта 13 жастағы қызды екі көлік қағып кетті

Жолда  салынуы керек тиісті жол белгілері мен сызықтар болмаған

Әкімдік жол белгісін орнатпаған: Сәтбаевта 13 жастағы қызды екі көлік қағып кетті
Сурет: Бейнеден кадр

Сәтбаев қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 жастағы қыз оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Сәтбаев қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Оқиға 16-маусым күні16:00 шамасында, Ұлытау көшесінде болған. Мәліметтерге сәйкес, қыз бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. 

Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу облыстық полиция басшылығының бақылауында», — делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, жолда тиісті жол белгілері мен сызықтардың болмауы апаттың туындауына ықпал етуі мүмкін. Осы себепті Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін жергілікті атқарушы органдарға жолға жаяу жүргіншілер жолағын сызу туралы ескерту жасалған.

«Жол жұмыстарын орындау талаптарының сақталмауына байланысты, атап айтқанда, жолда тиісті таңбалардың болмауына байланысты, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды», – делінген ресми мәлімдемеде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Бүгін, 19:50

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →