×

Түркістанда 16 жастағы қызды зорлап, өлтірген күдікті шетелдік болып шықты

Түркістанда 16 жастағы қызды зорлап, өлтірген күдікті шетелдік болып шықты
Фото:kaktus.media

Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды зорлап, артында өлтірді деген күдікпен бір азамат ұсталған болатын. Күдікті – шетелдік болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Шетелдік күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оның барлығын содан кейін айтамыз, - деді бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Айта кетейік, 6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Төрткүл ауылында қыздың мәйіті табылды. Ол колледждің 1-курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Марқұм жергілікті дүкенде жұмыс істеген, сол күні үйіне қайтып бара жатқан деген ақпарат бар.

Бұған дейін "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смайылова әлеуметтік желідегі парақшасында ауыл адамдарының Төрткүлде осы оқиғадан соң интернет пен байланыс өшірілді деген хаттарын бөліскен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын
Құралбаевтар отбасы істің әділ қаралуын және барлық кінәлілердің толық жауапқа тартылуын талап етуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →