×

Ресейдікі ме, Ирандікі ме?: Маңғыстау облысында дрон құлады

Белгісіз ұшу аппараты 19 маусымда Маңғыстау облысы Қарақия ауданына құлаған

Ресейдікі ме, Ирандікі ме?: Маңғыстау облысында дрон құлады
Сурет: Құлаған дрон/куәгерлер түсірген

19 маусымда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының тұрғындары қашықтан басқарылатын ұшу аппаратын тауып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл Қазақстанның батыс өңірлеріне белгісіз ұшу аппараттары құлаған бесінші оқиға. 

Сұр түсті аппарат Қарақия ауданы аумағында, Болашақ шекара темір жол станциясы маңынан табылған

«Ешкімге ешқандай зардап келмеді. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлаған жергілікті ПД өкілдері.

Еске сала кетейік, Қазақстанның батыстағы өңірлеріне осыған дейін 4 мәрте дрон құлаған болатын:

  • 18 ақпан – Бөкейорда ауданы Ұялы ауылының тұрғындары ұзындығы 120 см ақ түсті ұшу аппаратын тауып алды;
  • 18 наурыз – Тасқала ауданы Атамекен ауылына жақын маңда ұзындығы 3 метр қара түсті ұшу аппараты табылды;
  • Ал 25 наурызда дәл осы өңірдің Жәнібек ауданына тағы бір белгісіз үшу нысаны құлағаны мәлім болды.
  • Ертесіне – 26 наурызда дәл осы Жәнібек ауданында тағы бір дрон табылды.

Әскери техниканы шолушылар елдің батысына құлаған белгісіз ұшу аппараттарын Ресейдің Shahed 136 және Орлан-10 дрондарына ұқсатқан. 

Сарапшылар Қазақстанның әуе кеңістігін дрондардан қорғауға бюджеттің бүкіл қаражаты жетпейтінін ескерткен. Қорғаныс министрлігі маусым айының басында Батыс Қазақстан ауамғына құлаған дрондар Ресейге тиесілі екенін айтқан болатын. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →