×

«Енді қайтып келмейді». Баян Алагөзованың қызы отбасындағы қайғылы жағдайды айтты

Блогердің қайын атасы Ербол Қайдаров өмірден өткен.

«Енді қайтып келмейді». Баян Алагөзованың қызы отбасындағы қайғылы жағдайды айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы, қазақстандық блогер Айсәуле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында отбасындағы қайғылы жағдай туралы жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогердің қайын атасы Ербол Қайдаров өмірден өткен.

Бойымды алай-дүлей сезім билеп тұр, оны сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Сүйіктіме қарап, оның да жаны сыздап тұрғанын сеземін. Бірақ қолымнан келер қайран жоқ.Мұндай жараны жамай алмайсың. Балаларыма қарап, олардың бұл дүниедегі ең көңілді, мейірімді, «ең жақсы дос»  бола білген адамды күтіп отырғанын көремін, бірақ ол кісі енді келмейтінін білемін.Балалар оны іссапарға кетті деп ойлайды, ал мен олардың көңіліне түсетін ең алғашқы қаяуды қалай жұмсақ жеткізсем деп аласұрып отырмын, - деп жазды Айсәуле.

Ол  қайын атасы оны әркез мақтан тұтқанын және қолдағанын жеткізді.

Осы сөздерді жазып отырып, «Сырласудың» жаңа санына монтаж жасап, кәсіпте табысқа жетсем де енді мені ешқашан атам мақтамайтынын түсіндім.Әкеміз отбасымызда үнемі менің барлық сұқбатымды көріп, стористерімді оқып, тіпті ұсақ жазуын да қалт жібермеген және мені мақтан тұтатынын айтуға ешқашан ұялмаған жалғыз адам еді. Әке, біз де сізді мақтан тұтамыз. Біздің өмірімізде болғаныңыз үшін. Сіздей адамның баласы болғанымыз үшін. Өресі биік, тәрбиелі, адал, шынайы жан едіңіз. Сізге бәрі үшін рақмет.Мен сізді қатты жақсы көремін және өзіңіздің өмірде жоқтығыңызды қабылдауға тырысып жүргенімізді, әрі қарай өмір сүріп жатқанымызды, бұдан әрі бақытты өмір сүруге тырысып жүргенімізді көктен көріп тұрсыз деп үміттенемін, - деп жазды блогер.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Кеше, 19:50

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →