×

Астанада күдікті ер адам бұрын жүрген қызы мен оның інісін пышақтап кетті

Оқиға орнынан бойжеткеннің мәйіті табылған

Астанада күдікті ер адам бұрын жүрген қызы мен оның інісін пышақтап кетті
Сурет: Getty Images

Астанада күдікті ер адам бұрынғы жүрген қызы мен оның інісін пышақтап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Полиция департаменті ақпаратты растаған.

Оқиға 22 маусым күні Millennium Park тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін күдікті пәтерден жүгіріп шығып, қыздың кенже інісіне де пышақпен шабуыл жасаған. Жасөспірім ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

“Полицияға тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде пышақ жарақаты туралы хабарлама түсті. Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Оның кәмелетке толмаған інісі де жарақат алып, пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Астанада адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», –  делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Желіде тараған ақпарат бойынша күдікті – қыздың бұрынғы жігіті.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →