×

Семей орманында жоғалған 7 жастағы бала табылды

Жоғалған баланы 1000-нан астам адам іздеген

Семей орманында  жоғалған 7 жастағы бала табылды
Сурет: Абай облысы полиция департаменті

Кеше кешкісін үйден шығып, жоғалып кеткен 7 жастағы баланы 1000-нан астам адам іздеді. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасып, таңертең бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Жоғалған бала орман алқабынан, үйінен шамамен 10 шақырым жерден табылған. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары тапқан.

“Бала аутизм диагнозымен есепте тұрады. Кеше кешкісін оның жоғалып кеткені анықталысымен, полиция семейліктерден көмек сұрады. Іздестіру жұмыстарына еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Полиция қызметкерлерімен бірге арнайы жасақ сарбаздары, Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері де тартылды. Орман алқаптары, ашық далалар және жақын маңдағы аумақтар мұқият тексерілді. Сондай-ақ патрульдік полиция батальонының экипаждары күшейтілді, қызметтік иттер мен тіпті жылу камералары қолданылды.Жердің қолайсыздығына қарамастан, іздеу бір сәтке де тоқтаған жоқ. Таң ата бала табылып, ата-анасына аман-есен табысталды. Полиция департаменті іздеуге атсалысып, бейжай қалмаған барлық азаматтарға шын жүректен алғыс білдіреді”, – делінген полиция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →