×

ШҚО-да жасөспірімді құтқармақ болған үш адам Ертіске батып кетті

Оларды іздеуге 176 адам жұмылдырылған

ШҚО-да жасөспірімді құтқармақ болған үш адам Ертіске батып кетті
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Қара Ертіс өзенінен үш адамның денесін алып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Екі ер адам суға батқан жасөспірімді құтқаруға тырысқан, алайда олар өздері де ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кеткен.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 21 маусымында Марқакөл өңірінде болды.

«Боран ауылынан бес шақырым жерде, шомылуға тыйым салынған аумақта 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Оны құтқаруға 1991 және 1992 жылы туған екі ер адам ұмтылған, бірақ олар ағысты жеңе алмай, суға кетті», – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандардың денесін іздеуге 176 адам жұмылдырылған.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын
Құралбаевтар отбасы істің әділ қаралуын және барлық кінәлілердің толық жауапқа тартылуын талап етуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →