×

Атырауда тұрғын-үй подъездінде никаб киген қызды аяусыз ұрып, тепкілеп кетті

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Атырауда тұрғын-үй подъездінде никаб киген қызды аяусыз ұрып, тепкілеп кетті
Сурет: Бейнеден кадр

Атырауда тұрғын-үй подъездінде никаб киген қызды аяусыз ұрып, тепкілеп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Оқиға Береке шағын ауданындағы 30-үйдің кіреберісінде болған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әлеуметтік желілерде ер адамның никабтағы қызды Атыраудағы тұрғын үйдің кіреберісінде ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Ол қыздың басынан бірнеше рет ұрып, бетінен теуіп жіберген. Қыз лифтке кірген кезде ер адам кетіп қалғандай болған, алайда артынан қайта оралып, қызға тағы бірнеше соққы жасаған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы «Сабау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Бүгін, 19:50

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →