×

Сигналға назар аудармаған: Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті

Оқиға Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде орын алған

Сигналға назар аудармаған: Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
Сурет: ҚТЖ

Алматы маңында локомотив пойыз екі адамды басып кетті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.
Бұл туралы  ҚТЖ баспасөз қызметі мәлімдеді.

2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10–да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аудармаған.

“Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде”, — делінген ведомство хабарламасында.

ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды
Кеше, 21:32

Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды
«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →