×

Шетелдіктер болып шықты: Астанада LRT вагондарындағы граффитилер толығымен өшірілді

Оларға бұл істі жасауға шамамен 20 минут уақыт кеткен

Шетелдіктер болып шықты: Астанада LRT вагондарындағы граффитилер толығымен өшірілді
Сурет: әлеуметтік желіден

Астанадағы LRT вагонындағы граффити арнайы құралдардың көмегімен толықтай өшірілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Екі күннен кейін вагондар қайтадан жаңа күйге енді. CTS өкілдерінің айтуынша, суреттер вагондарға еш зақым келтірмей жойылған.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары вагондарды жобалау кезеңінде-ақ қарастырылған: бояу құрамында қорғаныс қабаты бар арнайы материалдар қолданылған. Беткі қабат еш зақымдалмай тазартылды, жылжымалы құрамның бастапқы сыртқы келбеті қалпына келтірілді», – деп мәлімдеді CTS.

Айта кетейік, Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы станцияда тұрған LRT вагондарына әлдекімдер бояумен сурет салып кеткен еді.  Кейіннен вагондарға сурет салғандардың шетелдік суретшілер екені анықталды. Граффити Германиядан келген қонақтардың ісі болып шықты. Шетелдіктер вагондарға өз никнеймдерін – Znodd, Bons және DRM – бейнелеген. Оларға бұл істі жасауға шамамен 20 минут уақыт кеткен.

«Astana Graffiti» қауымдастығының өкілдері бұл әрекетті «көңіл мен адреналин үшін жасалған» дейді. Ешқандай саяси немесе жасырын мағына жоқ. Болжам бойынша, олар қазір Қазақстаннан кетіп қалған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда жүкті әйел автобус аялдамасында босанып қалды
Бүгін, 18:48

Қарағандыда жүкті әйел автобус аялдамасында босанып қалды

Оқиға Гапеева көшесіндегі аялдамада орын алған
Сарапшы электрошокерді зауыттық электрлік қару деп таныған
Аптап ыстықтан олардың қан қысымы көтеріліп кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →