×

Астанадан 100 шақырым жерде мектеп бітірген баланы түлектер кешінен кейін соққыға жықты

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Астанадан 100 шақырым жерде мектеп бітірген баланы түлектер кешінен кейін соққыға жықты
Фото: Астана қалалық полиция департаменті

Астанадан 112 шақырым қашықтықта орналасқан Ақмола облысындағы Ақкөлде мектеп бітіру кешінен кейін 18 жастағы жігітке белгісіз екі адам шабуыл жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, оған шабуыл жасағандар мас күйінде болған ересек ер адамдар. Оқиғадан кейін жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады. Олар бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс оқиға тіркелген күні қозғалды. Қақтығысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, жауап алынды, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Сондай-ақ департамент бұл іс бойынша оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатқанын, ал тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін қоса айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →