×

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Ашық дереккөзден

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әйелін өлтірген күдікті С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

 Оған қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 9,15)-тармақтары бойынша (Адам өлтіру, яғни бұзақылық ниетпен, төтенше жағдай кезінде басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) айып тағылған.

 Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған. Айыпталушы бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған. Қайғылы оқиға болған сәтте әйел қалалық емханада заңгер болып жұмыс істеген. Кабинетте бұрынғы әйелімен қатар оның әріптесі болғанына қарамастан, айыпталушы бірден әйелге жақындап, қолымен басынан ұрған. Әріптесі оларға араша түскен сәтте, сотталушы жиналмалы пышақты қалтасынан шығарған. Жәбірленушінің әріптесі көмекке адамдарды шақыру үшін бөлмеден қашып шыққан. Сол кезде сотталушы пышақпен әйелінің мойнының сол жақ жоғарғы бөлігінің артқы тұсына бір рет, сол жақ көкірек қуысына бір рет соққы жасап, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Жәбірленуші есін жимастан оқиға орнында көз жұмған. Сотталушының кінәсі куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген.

Прокурор сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп тануды, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынған. Ал жәбірленуші тарап сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →