×

«Екі иттің ақшасын төле». Ит талаған 10 жасар баланы құтқарған тұрғын бәрін айтты

Ауыр жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілген

«Екі иттің ақшасын төле». Ит талаған 10 жасар баланы құтқарған тұрғын бәрін айтты
скрин видео

Алматы облысы Жалпақсай ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. Футбол алаңында ойнап жүрген 10 жасар балаға үш ит тап беріп, ауыр жарақаттаған. Алайда сол сәтте көлігімен өтіп бара жатқан ауыл тұрғыны Серік Сақабеков баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, иттер жеке оңалту орталығының ауласынан қашып шыққан. Қоршауы шұрық-тесік, ит түгіл адам еркін өте алатын жағдайдағы бұл нысанда иттердің көп екені бұрыннан белгілі екен. Ал "Абайлаңыз, ит бар!" деген ескерту болса да, қауіпті жағдайдың алдын ала алмапты.

Сол күні кешкісін әдеттегідей футбол ойнауға жиналған балаларға қарай үш ит шабуылдаған. Балалардың көбі қашып үлгергенмен, Михаил есімді жеткіншек құтыла алмай, иттердің жемтігіне айнала жаздаған. Осы сәтте оқиға орнынан өткен Серік Сақабеков қолындағы бәкімен иттерге қарсы тұрып, балаға араша түсіпті.

Қанға малынып, "аға, көмектесіңізші!" деп айқайлағанын естідім. Питбуль мен овчарка екі жақтап талап жатыр екен. Иттерді пышақтап қуып жіберіп, баланы әрең дегенде аман алып қалдым, – дейді ол.

Ауыр жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір Михаил Қаскелеңдегі ауруханада жатыр, оған бірнеше операция жасалады деп күтілуде.

Алайда жағдай мұнымен бітпейді. Баланы құтқарған Серік Сақабековтің айтуынша, келесі күні иттердің иесі хабарласып, "қымбат иттерді өлтірдің" деп, өтемақы талап еткен.

Сонда мен қарап тұруым керек пе еді? Бала өліп бара жатқанда?! – деп ашынады ол.

Иттерге иелік ететін мекеме – құжат жүзінде бұрынғы мәдениет үйі, ал іс жүзінде онда 20 жылдан бері тәуелді жандарды оңалту орталығы жұмыс істеп келеді. Тұрғындар бұл жерді "секта" деп атайтынын жасырмайды. Ғимарат ішінен шыққан түсініксіз дыбыстар мен қауіпті иттер халықты алаңдатқан.

Ал мекеме өкілі өздерінде 4 үлкен ит пен 2 күшік бар екенін, иттерді өз қауіпсіздігі үшін баққанын айтып, кінәні баланың өзіне аударуда. "Олар біздің аумаққа рұқсатсыз кіріп кетті" дейді олар. Бірақ куәгерлер мен жедел жәрдем деректеріне қарағанда, оқиға футбол алаңында болған.

Округ әкімдігі мен ветеринарлық қызмет бұл жағдайдан соң тексеріс жүргізіп, нысанның заңға сай жұмыс істеп жатқан-жатпағанын анықтайтынын мәлімдеді. Полиция бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →