×

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Фото: t.me/mangystau_press

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ресейлік әскери қызметкердің түсіндірме хатын жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Minval Politika редакциясына аты-жөнін көрсетпеген дереккөзден құпия хат түскен. Онда Ресей Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен әуе қорғанысы күштерінің ұшақты атып түсіргені туралы мәлімет бар.

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.

Түсіндірме хаттың өзінде Embraer 190 ұшағы нақты аталмаған. Құжатта «тұман салдарынан көзге көрінбеген, бірақ анықталған әлеуетті нысана» туралы айтылған. Капитан Паладичук бұл нысан жөнінде 51-дивизияның әскери басқару пунктіне баяндап, оның биіктігі мен жылдамдығын жеткізген. Телефон арқылы ол нысананы жою туралы бұйрық алып, операторға атуға пәрмен берген. Бірінші зымыран нысанаға тимеген соң, Паладичук екінші мәрте оқ атуға бұйрық берген.

The Insider басылымының зерттеуіне сәйкес, Дмитрий Паладичук расымен де Новосібірдегі 14-әуе армиясының ПВО құрамында қызмет еткен. Журналистермен телефон арқылы сөйлескен ол түсіндірме хатты өзі жазғанын растаған және қолжазбасындағы ерекшеліктерді (мысалы, «ё» әрпінің жазылуы) мойындаған. Сонымен қатар, оның дауысы әзербайжандық БАҚ жариялаған видеодағы дауыспен сәйкес келеді.

Айта кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшып шыққан ұшақ Ақтау маңында құлаған болатын. Қазақстан тарапының алдын ала есебінде ұшақ Грозныйдың жанында зымыран шабуылына ұшырап, зақым алғаннан кейін басқарудан шығып, құлағаны айтылды. Ресей билігі апатты зерттеуге арнайы топ құрғанын мәлімдегенімен, тергеу қорытындылары әлі күнге дейін жарияланған жоқ.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің ішінде 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың 29-ы аман қалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →