×

Путин қызметінен алып тастаған соң ресейлік министр өз-өзін атып өлтірді

Мәйіттің қасында қару жатқан.

Путин қызметінен алып тастаған соң ресейлік министр өз-өзін атып өлтірді
Фото: Алексей Даничев / ТАСС

Мемлекеттік дума Ресейдің бұрынғы көлік министрі Старовойт өзін-өзі атып өлтіргені растады. Қазіргі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы "Коммерсант" газеті мен Shot және "112" телеграм-арналары жазды.

Бүгін Одинцово қалалық округінде жеке автокөліктен Ресей Федерациясының бұрынғы көлік министрі Роман Владимирович Старовойттың оқ жарақатын алған мәйіті табылды,- делінген ведомство хабарламасында. 

Мәйіттің қасында қару жатқан. Өлім себептері нақты айтылмайды. Кей ақпарат құралдары ол тіпті отставкаға жіберілерден бұрын-ақ өмірден еткен болуы мүмкін деген дерек келтірді.

Еске салайық, 5 шілдеден бастап Ресейде ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) шабуылдары жиілегеннен кейін елдің әртүрлі аймақтарында әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізілген еді. Кейін Владимир Путин Ресейдің көлік министріРоман Старовойтты қызметінен босатты.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, бұрын Курск облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Алексей Смирнов тергеу барысында Старовойтқа қарсы куәлік берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →