×

Қазақстанда жол апатына ұшыраған әкімдер

Қазақстанда жол апатына ұшыраған әкімдер

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түскені туралы ақпарат тарады. Әкімдер мен олардың орынбасарларының мұндай жағдайға душар болғаны алғаш рет емес. Осы ретте бұған дейін жол апатына ұшыраған әкімдерге бір шолу жасамақпыз.

2025 жыл – Әсет Масабаев

8 шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады. Қазір шенеуніктің жағдайы ауыр. Оқиға облыстағы тас жолдардың бірінде болған. Салдарынан Масабаев көптеген дене жарақаттарын алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Масабаевтың миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты, қабырға сүйектерінің көгеруі мен сынуы анықталған. Әзірге тас жолдағы қайғылы оқиғаға қатысты мәліметтердің барлығы осы.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Масабаев есін жиды, жағдайы тұрақты. 

2014 жыл – Самат Ескендіров

2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров қызмет бабында жүрген кезінде жол апатына түсті. Абырой болғанда, әкім тірі қалды, бірақ оқиға үлкен резонанс тудырды.

Ол мінген «Mercedes-Benz» темір тұлпары Жезқазған-Петропавлск тас жолының 951 шақырымында өзге жеңіл көлікпен соқтығысып қалған.

 Әкімге қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары қайта қаралды. Ескендіровтің жағдайы сол кезде жергілікті билік пен БАҚ назарында болды.

2013 жыл – Аңсар Мұсаханов

Сол кезде Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов 2013 жылы 31 тамызда жол апатына ұшыраған болатын. Әкіммен бірге көлікте оның орынбасары мен Жамбыл ауданының әкімі болған. Оқиға Алматы-Ұзынағаш тас жолының 55 шақырымында, Фабричный ауылы маңында орын алды. Апат кезінде облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың оң қолы сынып жедел ауруханаға түскен еді.

Экс-әкім биыл ақпан айында өмірден өтті.

2008 жыл — Мұхтар Құл-Мұхаммед

2008 жылы ақпан айында Қызылорда облысында төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы құлады. Ол кезде өңірдегі су тасқынының алдын алу үшін 15 адам көкке көтерілген. Оның ішінде сол кездегі облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед, журналистер, шенеуніктер болған. Апаттан бес адам қайтыс болды.

Апат себептерінің ішінде «қозғалтқыштарға жанармайдың жетпей қалуы» да айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →