×

Дефибриллятор дауы: Жамбыл облысында фельдшерге оқ атылды

Ол ауруханаға жеткізілген. 

Дефибриллятор дауы: Жамбыл облысында фельдшерге оқ атылды
Pixabay.com

Жамбыл облысының Байзақ ауылында дефибрилляторды қолдануға қатысты пікірталас фельдшердің кеудесіне травматикалық тапаншамен оқ атумен аяқталды, деп жазады Qaz365.kz.

Оқиға ауыл тұрғындары – 25 жастағы А.Т. мен 24 жастағы Д.М. арасында басталған. Олар «Дефибрилляторды сау адамға қолданса не болады?» деген тақырыпта қызу пікірталасқа түскен.

Шешімін табу үшін олар таныс фельдшер, жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін Ж.Б.-ға жүгінген.

Медициналық қызметкер сау адамның жүрек ырғағы қалыпты болса, оған дефибриллятор қолдану өлімге әкелуі мүмкін екенін түсіндірген. Алайда Д.М. бұл пікірге сенбей, тәжірибе жасауды талап еткен.

Келіспеушілік бірден жанжалға ұласқан. Сол сәтте Д.М. жанындағы травматикалық қарумен фельдшердің кеудесіне оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жарақат алған Ж.Б. сол жақ қабырға астынан жараланып, Байзақ аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Ал шабуыл жасаған күдікті Д.М. іздеуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Кеше, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →