×

Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды

Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.

Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды
скрин видео

 

Өскеменде полицейлер өзенге ағып кете жаздаған ана мен баланы құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

17 шілде күні сағат 14:20 шамасында «102» жедел арнасына Өскемен қаласының тұрғыны Үлбі өзені маңында танысы кішкентай қызымен бірге суға түскенін және оларды  қатты ағыс алып кеткені туралы хабарлаған.

Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды. Ол тек жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына хабар беріп қана қоймай, нақты координаттар бойынша оларды бағыттап отырды. Осы үйлесімді іс-қимылдың арқасында оқиға орнына патрульдік полиция батальоны ротасының командирі, полиция капитаны Мадияр Мұхамеджанов басқарған №9 экипаж шұғыл жетті.

Бұл уақытта рациядан хабарды естіген Үлбі полиция бөлімінің криминалдық полиция бастығының орынбасары полиция майоры Сүнғат Сейлжанов та жақын маңда болып, өз бетімен өзенге жеткен. Ол бірінші болып келіп, бірден суға секірді.

Сол сәтте анасы мен баласын ағыс едәуір қашықтыққа алып кеткен еді, алайда офицер оларға жетіп, судың бетінде ұстап тұра алды.

Көп ұзамай қарама-қарсы жағадан жеткен капитан Мұхамеджанов көмекке қосылды. Алайда қатты ағыс салдарынан өз беттерінше жағаға шығу мүмкін болмады. Полицейлер құтқарушылардың қайықпен келуін күтіп, су ішінде қалуға мәжбүр болды.

Үйлесімді іс-әрекет пен жедел шешім қабылдаудың арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта анасы мен қызының өміріне қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды
Бүгін, 09:01

Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды

Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.
Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →