×

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Qaz365.kz коллажы

Жетісай ауданының Алғабас ауылында келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған қылмыскер 20 жылға сотталды. Алайда марқұмның туған-туыстары мұны тым жеңіл жаза деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биыл көктемде Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Саудамен айналысып, науқас ата-анасына қамқор болып жүрген 38 жастағы Әйгерім Әжекеева көрші қаскөйдің құрбаны болған. Ол дүкенге тауар алуға кетіп, үйіне оралмаған. 12 күннен кейін оның мәйіті көршісі, бұрын да бірнеше қылмыс жасаған Ералхан Төрехановтың ауласынан табылған. Қылмыстың ашылуына тыр жалаңаш көмілген әйелдің сақина таққан қолының шығып қалуы себеп болған. Аталмыш оқиғаның мән-жайын Qaz365.kz порталы бұған дейін жазған еді.

Жақында Ералхан Төреханов сот үкімімен 20 жылға сотталды.

Оқиға қалай болған?

Әйгерім Әжекеева –  ауылда шағын кәсібі бар, көкпарға тауар әкеліп, сауда жасап, еңбегімен күн көріп жүрген пысық келіншек. Ол үшінші топтағы мүгедек анасы мен екінші топтағы әкесін жалғыз өзі асырап отырған. 27 қаңтар күні дүкеннің алдынан күтіп тұрған үш жігіттің ортасына түскен ол содан қайтып оралмаған.

Әйгерімнің анасының сөзінше, Әйгерім Әжекеева көкпарға әдеттегідей дайындалып, сатуға қоятын тауарды әкелетінін анасына айтып, қаражатын қалтаға салып, ауданға шығып кетеді. Содан Әйгерімнің анасы Мейрамгүл Бердалиева сол күні кешкісін оралмаған қызының жоғалғанын бірден сезіп, ауылдастарына және полицияға хабарласқан. 

Қылмысқа қатысты басты күдікті — Ералхан Төреханов. Бұл адам бұрын да бірнеше қылмыс жасаған, оның әрекеттері ауылда кеңінен талқыланған. Әйгерімнің жоғалуының алғашқы күні Төрехановтың дүкен алдында ұзақ уақыт бойы әйелді аңдып тұрғаны куәгерлердің сөзімен расталды. Бірақ полиция бұл деректерге мән бермей, тек облыстық тергеушілердің араласуымен ғана іс қозғалған. 

Қызына алаңдаған анасы ақыры өзге балаларын жинап, аурханаға да, полицияға да барған. Тіптен сол күні сауда жасап тұрған Әйгерімнің артына келіп, оған Төрехановтың тесіле ұзақ уақыт қарап, айналшақтап жүргенін де біраз адам көрген. Қауіптің қайдан келуі мүмкін екенін полицияға да бірден өздері айтқан. Алайда сақшылар әдеттегідей салғырттық танытқан, мән бермеген. Тек арыз жазғызып қана алып қалған.  

«Шыдай алмай Ералханның үйіне де келдік. Ол міз бақпады, Әйгерімді көрмегенін, ұйықтап қалғанын айтып, өтірік аңқау қылық танытты. Үйіне полиция кірмеді, сырттан кетіп қалды. Қызымды солай 12 күн іздедік», - деді марқұмның анасы. 

Еріктілер, ауыл тұрғындары, туыстары жиналып жас келіншекті тоқтаусыз іздей берген. Қылмыс ашылған соң, Төрехановтың үйінен Әйгерімнің мәйіті табылды. Оның денесі бірнеше айқыш-ұйқыш болып көміліп, шөп шашылған. Қолында сақинасы бар мәйітті тапқаннан кейін, қылмыстың нақты барысы анықталды. Әйгерім күштеп көлікке отырғызылып, қорланып, содан кейін өлімге душар болған. 

“Үкіммен келіспейміз”

Айгерім Айшекееваның туған сіңлісі Жақсыгүл Айшекеева сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.

“Біздің Айгерімнің өлімі бойынша күдіктіге 20 жыл берді. Біз бұл үкіммен келіспейміз. Себебі ол біздің Айгерімді ұрып-соғып, зомбылық жасаған. Ералхан Төреханов бала кезінен өте жаман болып өскен. Қай жерде той болса, сонда төбелес шығарады. Ұрлықта жүреді. Адам өліп жатса, себеп болып сол жүретін. Арақ ішіп, темекі шегеді. Үндемей жүріп, бәленің бәрін істейтін, – дейді ол. 

Жақсыгүл Айшекеева бүкіл сот процесіне қатысқан. Айтуынша, сотта ол өлтіргенін мойнына алып, қасындағы туған-туыстарының әрекеттерін жасырып қалған.

“Бұлар адам өлтіріп, үйреніп қалған. Ылғи біреуі мойнына алып кете береді. Қасындағы бауырларын, туған-туыстарын ешқашан айтпайды. Қасындағы көміскен адамдары бұған ақша беріп, жылын азайтқан. Бүгін сот процесінде әке-шешелері, ағалары “біз сот үкімімен келіспейміз, жылын азайтамыз” деп жатыр екен. Бір емес, үш адамды өлтіреді де қалай үкіммен келіспейді? Бұған 20 жыл да аз. Біздің бауырымыз қара жерде жатса, бұл Құдайдың берген ауасын жұтып, аман-есен жүреді екен. Мұның тыныс алатын қақысы жоқ”, – дейді ол.

Жақсыгүлдің сөзінше, қылмыс болған күні сотталғанның үйінен қару, оқ-дәрі анықталған. Ол туған-туыстарының атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, үкімді қайта қарап, жазаны қайта күшейтуді сұрады.

“Менің үйдегі әкем мен анам сырқат. Екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Бұлар оған қоса еш уақытта келіп, кешірім сұрамады. Бауырымды ұрып, зорлық-зомбылық көрсетіп, ауласына көмген. Бүкіл шығынды өтесін!” – дейді Жақсыгүл.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті мен әуе кемесінің сынықтары табылды
09.08.2025ж. 13:33

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті мен әуе кемесінің сынықтары табылды

Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.
Полицияның мәліметінше, қақпа дұрыс бекітілмеген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →