×

«Құлдықта болмаған». Жамбыл облысындағы оқиға бойынша министр тың дерек айтты

Кейін қылмыстық іс қозғалды

«Құлдықта болмаған». Жамбыл облысындағы оқиға бойынша министр тың дерек айтты
Ішкі істер министрлігі

Жамбыл облысы Көктал ауылында ағайынды балаларды бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған өгей әкенің қорлығы жайлы ақпарат тараған болатын. Кейін қылмыстық іс қозғалды. Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан балалардың оқу процесіне көптеп қатыспауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мұндай кез келген жағдай бойынша Оқу-ағарту министрлігінде бекітілген алгоритм бойынша Балалар құқығын қорғау комитеті тиісті шешім қабылдап отырады. Өзім де осы мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімінің орынбасарымен хабарластым. Балаларға ешқандай қауіп жоқ. Тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр. Комиссия құлдыққа байланысты ақпарат дәлелденіп жатпағанын айтады. Толық тексерістен кейін жағдайды баяндаймыз. Сол кезде кімнен қателік кеткені бойынша шешім қабылдаймыз», -дейді министр.

Айта кетейік, жақында Жамбыл облысының Талас ауданында кәмелетке толмаған балалардың құлдықта ұсталғаны белгілі болды. Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешовтің айтуынша, «балаларды құлдықта ұстады» деп күдікке ілінген адам қамауға алынған.

Бұған дейін желіде кәмелетке толмаған екі баланың көмек сұраған видеосы тараған. Видеода балалар мал бағып жүргендерін, телефондарын тартып алғанын айтып, алған жарақаттарын да көрсетеді. Олар Жамбыл облысы Талас ауданында тұрған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →