×

ҚазҰУ студентінің өлімі: министр Саясат Нұрбек түсініктеме берді

ҚазҰУ студентінің өлімі: министр Саясат Нұрбек түсініктеме берді
Фото: Unsplash

Алматыда өзіне қол салған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студенті туралы әртүрлі болжамдар айтылған еді. Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл жағдайдың оқу орнымен тікелей байланысты еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда қылмыстық іс "өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша тіркелген. Ол бұл трагедияның оқу орны немесе оқу үдерісіне қатысы жоқ екенін атап өтті.

Бұл – отбасылық сипаттағы ішкі жағдай болуы мүмкін. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Соттың шешімі шықпай тұрып нақты пікір айту қиын. Жақын күндері ресми ақпарат жарияланады, – деді Саясат Нұрбек.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті университеттің ректораты орналасқан ғимараттың 14-қабатынан секіріп, көз жұмған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын
Құралбаевтар отбасы істің әділ қаралуын және барлық кінәлілердің толық жауапқа тартылуын талап етуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →