×

Берденов әр жиналыста "сендерге тексеріс жібереміз" дейтін – әкімнің көмекшісі куә ретінде жауап берді

Шымкентте Руслан Берденовтің сотында кезекті куәгерлер жауап беріп жатыр

Берденов әр жиналыста "сендерге тексеріс жібереміз" дейтін – әкімнің көмекшісі куә ретінде жауап берді
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімінің көмекшісі Талап Рахымбердиев Руслан Берденовтің сотында куәгер ретінде жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талап Рахымбердиевтің айтуынша, Руслан Берденов басқарма басшыларымен жиналыстарда әрдайым тексеріс жасалатынын, антикор, экономикалық тергеу қызметтерін жіберетінін айтып отырған.

“Жалпы жиналыстың басында Руслан Берденов басқармалардың басшыларына “барлық жерге антикорды жібереміз” дейтін, – дейді ол.

“Жұмыс барысында Жиембайдың жұмысындағы кемшіліктерді немесе Руслан Берденовпен қарым-қатынасы туралы бірдеңе естідіңіз бе?” деген сұраққа куәгер “жоқ” деп жауап берді.

Жиембаймен бір рет қана қоңыраумен сөйлестік. Оқиға болған күні маған өзіміздің басшының орынбасары Тұрғын үй Шымкент ЖШС директоры өз еркімен жұмыстан кететінін айтты. Басқарма басшысының орынбасары Ердәулет Әжібаев мені кабинетіне шақырып айтты. Ернар Жиенбай өз өтініші бойынша жұмыстан кететіні жөнінде. Ернарға хабарласып, “өтінішті жазып па, жоқ па білші” деді. Мен жарайды дедім. Ернарға звандадым. Ол кісі маған бір ай уақыт берген еді ғой деді. “Түсіндім” дедім де, телефон тұтқасын қойдым, – дейді ол.

Еске салайық, Шымкент қаласында әкім орынбасарын өлтірмек болды деген айыппен “ Тұрғын үй Шымкент” директоры Ернар Жиенбайға қатысты 6-тамызда сот басталған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты
Бүгін, 14:15

Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →