×

Жиенбай ашулы күйде "қазір Русланның үйіне барам" деді – Берденов сотындағы кезекті куәгер

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді

Жиенбай ашулы күйде "қазір Русланның үйіне барам" деді – Берденов сотындағы кезекті куәгер
Коллаж/Qaz365.kz

Шымкент қаласы әкімдігінің кадр жөніндегі жауапты маманы , куәгер Кенжебеков сотта жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Куәгердің айтуынша, Руслан Берденов әкімдікке қарасты мекемелердің басшыларынан есеп алған. Солардың бірі «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиенбай болған. Оған әкімдікке келіп, презентациясын таныстыруы керектігін бір күн бұрын осы куәгер Кенжебеков қоңырау шалып, хабарлаған.

Біз айтқан уақытта презентациясы дайын болмады (Жиембайдың) Оны «дайын емеспін» деп өзі айтты. Біздің принтерден шығарып алмақшы болды. Ол кезде Жиембай Берденовтің жеке қабылдауында болған еді. Біз сағат онға шақырдық. Оның алдында кешке «слайд пен презентациясымен мекемесі бойынша келіңіз» дедім. Бірақ ол әкімдікке келгеннен кейін киімі ресми костюм-шалбармен келуі керек еді. Жиембай жейде, шалбармен келді. Көйлек те болмады. «Бізде презентация мекемесі бойынша (жұмысын көрсетуге) дайын емес» деді. Әрбір мекемеде дайын болды. Әрбір мекеменің таныстыруы болуы керек еді. Бізден принтермен шығаруға тырысты. Флешка тығып көрсетейік дедік. Бірақ қателеспесем онысы ашылмады. Бастық «кіре берсін» деді, – дейді ол.

Бұдан кейінгі әңгімесінде куәгер сотталушымен бір рет сөйлескенін айтты.

...Ішкен сияқты деп ойлаймын (Ернар жайлы) Солай ойлаймын. Звандаған кезде “неадекватный состянияда” менімен сөйлесті. Соны айтып жатырмын. Сыпайы сөйлесіп жүрген бала “Русланға берші, үйіне кетті ме, үйіне қазір барам” деп айтты. Сіздіңше бұл сөзі адекватно ма? – деді ол сотталушының адвокатына берген жауабында.

Ернар Жиенбайды жұмысқа қабылдау немесе алу Руслан Берденовтің құзырында ма деген сұраққа ол “нақты білмейді екенмін. Негізі солай деп ойлаймын. Қазір жұмыстамын. Басшыны ескертіп, сотқа келіп отырмын” деді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты
Бүгін, 14:15

Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкентте Руслан Берденовтің сотында кезекті куәгерлер жауап беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →