×

«Қора тазаламағаны үшін». Маңғыстауда соққыға жығылған оқушының өліміне қатысты сот шешімі шықты

«Қора тазаламағаны үшін». Маңғыстауда соққыға жығылған оқушының өліміне қатысты сот шешімі шықты
Жеке мұрағат

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылында мектеп оқушысы Сағындық Құрманиязұлының өліміне байланысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деді жәбірленуші тараптың өкілі, Маңғыстау облыстық заң кеңесшілері палатасының мүшесі Ажар Әбділ Lada.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, марқұмның отбасы бұл үкіммен келіспейді, себебі олар жазаны қылмыстық топтың барлық мүшесі алуы керек деп санайды.

Үкімді алғаннан кейін біз Маңғыстау облыстық сотына апелляциялық шағым түсіреміз, - деді ол.

Қылмыстан кейін көп ұзамай ауыл тұрғындары мектеп оқушыларын қорқытып-үркітіп, ақша жинаумен және өз ауласында шаруашылық жұмыстарын істетуге мәжбүрлеген ұйымдасқан топтың барын айтқан. Туыстарының пайымынша, Сағындық сол топтың құрбаны болған.

«Біздің ойымызша, тергеу бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесіне жеке-жеке баға беруі керек еді. Атап айтқанда, кім ұйымдастырушы, кім орындаушы — соның бәрін анықтау қажет болатын. Бұл кем дегенде төрт адам. Жәбірленушілер қорқыту, бопсалау, еңбекке мәжбүрлеу сияқты басқа фактілерге де тергеу тарапынан тиісті баға берілмегенімен келіспейді», — деді Ажар Әбділ.

Айта кетейік,  8 сәуірде Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында 17 жастағы Сағындық Құрманияз ауыр жарақат салдарынан қаза тапты. Оны ауылдағы өзінен үлкен жігіттер ұрып-соққан.

Марқұм Сағындықтың достарының айтуынша, 20-21 жастағы жігіттер биыл 11-сынып оқып жатқан жоғары сынып оқушыларын үш жылдан бері өз шаруасына жұмсап келген.

«Сағат 16:30-да хабарлама келді. Қора тазалауға көмектесіңдер деді. Көмек сұрап емес, бұйырып айтты. «Келіңдер, әйтпесе өздерің білесіңдер» деп қоқан-лоқы көрсетті. Басында да 8-сыныптан бері қорасын, кәрізін, құбырын тазалап келеміз», – дейді оқушының сыныптасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шымкентте өткен сотта куәгерлердің бірі Руслан Берденов пен Ернар Жиенбайдың арасы қалай суығанын айтып берді
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →