×

Қанға боялған жейде, мылтықтың оғы: Берденовтің сотында айғақ-заттар көрсетілді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің сотында іске дәйек болған айғақ заттар көрсетілді

Қанға боялған жейде, мылтықтың оғы: Берденовтің сотында айғақ-заттар көрсетілді
Коллаж Qaz365.kz

Сот бүгін де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот кезінде бүгін іске дәйек, дәлел болар айғақ заттар көрсетілді. Оның ішінде Руслан Берденовтің қанға боялған жейдесі бар. Басқа киімдердің ішінде осы жейде айрықша байқалады. Одан бөлек оқтар мен аяқ киім де видеоға түсірілген. 
Видеоны көріңіз.

Видеоларда сонымен бірге ғимарат ішіндегі сәт те бар. Оқ атылған кезде бірнеше адам (арасында полиция қызметкері болуы мүмкін) ғимарат ішінде дауыстап айғайлап жүреді. Дауыстың нашарлығынан не дегендері белгісіз.

21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жараланғаны хабарланған еді. Оқиға орнында болғандар Берденовтің жүргізушісі құтқарып қалғанын, күдіктіні ұстауға көмектескенін айтады. Бұл оқиғадан соң, атысқа себеп болған түрлі нұсқадағы алып-қашпа әңгімелер тарай бастады. Біреу жұмыс барысында келіспеушілік туындағанын айтса, енді бірі Берденовтің күдіктінің жарына көз салғаны туралы айтты. Артынша Берденовтің таныстары мен Жиембайдың туыстары тарап жатқан ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →