×

Атырауда төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер оққа ұшты

Оқиға досының тойында басталған

Атырауда төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер оққа ұшты
Фото: ©️ Depositphotos.com/LyazaTretyakova

Қайғылы оқиға 17 тамызға қараған түні Атырауда болды. Қарулы жанжал кезінде 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz Atyrau OIL телеграм-каналына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға досының тойында басталған. Кейін бірнеше адамның арасында төбелес шыққан. Достары жағдайды реттеуге көмектессін деп фельдшерді шақырған, алайда жанжал басылмай, қақтығыс барысында оқ атылған. Оқ фельдшерге тиіп, жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта аталған іс Қылмыстық кодекстің „Адам өлтіру“ бабымен тергелуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар
Бүгін, 09:12

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →