×

«Құранмен ант етейін»: Берденов Жиенбайдың әйеліне қатысты мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін атқан Ернар Жиенбайдың әйелін мүлде танымайтынын, оның парақшасына лайк баспағанын мәлімдеді

«Құранмен ант етейін»: Берденов Жиенбайдың әйеліне қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов керек болса Құран ұстап, шындықты айтуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Руслан Берденов бүгін ауруханадан онлайн қосылып, жауап берген. Сұрақтардың бірін Берденовке Жиенбайдың әкесі қойды.

“Ернардың берген жауабында 7 немесе 8 наурыз күндері сіз біздің келіннің Инстаграмына “Әдемісің” деп лайк басқансыз. Оны келін де, Ернар да көрген. Артынша оны өшіріп қойғаныңыз туралы не айтасыз?” деп сұрады Ернардың әкесі.

Бұл сұраққа жауап берген Руслан Берденов оған “дәлел болса көрсетіңіз” деді.

“Мен тағы да айтамын: сіздің келініңізді мен танымаймын, ешқашан көрген емеспін. Ешқандай лайк баспағанмын. Сіз Инстаграмды айтып тұрсаңыз, өшірген нәрсе қайтадан көрінеді. Келініңізге айтыңыз – қарап шықсын: өшірген нәрсенің орыны болады. Сіздің айтып тұрғаныңызды келініңіздің өзі де жоққа шығарды. Қазір сіз өзіңіздің келініңізді осы тірлікке тартып тұрсыз. Мен сіздің келініңізді танымаймын. Құдайға шүкір, өзімнің отбасым мен бала-шағам бар. Қалайтын болсам, отбасылы адамға лайк басып неғылам? Сондықтан, керек болса полиграф немесе детектор арқылы барлығын тағы да сұраса, бәріне ашық жауап беруге дайынмын. Сіз де, мен де намаздағы адамбыз. Керек болса Құранмен ант етейік, – дейді Берденов.

21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жараланғаны хабарланған еді. Оқиға орнында болғандар Берденовтің жүргізушісі құтқарып қалғанын, күдіктіні ұстауға көмектескенін айтады. Бұл оқиғадан соң, атысқа себеп болған түрлі нұсқадағы алып-қашпа әңгімелер тарай бастады. Біреу жұмыс барысында келіспеушілік туындағанын айтса, енді бірі Берденовтің күдіктінің жарына көз салғаны туралы айтты. Артынша Берденовтің таныстары мен Жиенбайдың туыстары тарап жатқан ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады
Кеше, 15:23

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады

Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін сотта денсаулығы жайлы да алыпқашпа әңгімелерге жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін сотта жауап бере бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →