×

"Бұл маған емес, мемлекеттік қызметке атылған оқ" – Берденов соттан Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

"Бұл маған емес, мемлекеттік қызметке атылған оқ" – Берденов соттан Жиенбайды әділ жазалауды талап етті
Ашық дереккөзден

Руслан Берденов күдіктіге қатысты сот процесінде сөз сөйлеп, соттан әділ үкім шығаруын талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл оқиғаны тек жеке басына емес, бүкіл мемлекеттік қызметке жасалған қастандық деп бағалады.

"Мен кінәлінің әділ жаза алғанын талап етемін. Себебі бандитизмнің бұл түрін жоймасақ, бұл мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіреді. Бұл маған атылған оқ емес, мемлекеттік қызметте жүрген әрбір азаматқа атылған оқ. Сондықтан мен әділ үкім шығаруыңызды сұраймын", – деді Берденов.

Еске сала кетейік, бүгінгі сотта Руслан Берденов алғаш рет өзі жауап берді. Берденов бұған дейін өзіне қатысты тараған сыбыстарды жоққа шығарды.

21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жараланғаны хабарланған еді. Оқиға орнында болғандар Берденовтің жүргізушісі құтқарып қалғанын, күдіктіні ұстауға көмектескенін айтады. Бұл оқиғадан соң, атысқа себеп болған түрлі нұсқадағы алып-қашпа әңгімелер тарай бастады. Біреу жұмыс барысында келіспеушілік туындағанын айтса, енді бірі Берденовтің күдіктінің жарына көз салғаны туралы айтты. Артынша Берденовтің таныстары мен Жиенбайдың туыстары тарап жатқан ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар
Бүгін, 09:12

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →