×

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады

Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады
Ашық дереккөзден

Прокурор іс бойынша Ернар Жиенбайдың қылмысы дәлелін тапты деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Адам өлтіруге оқталғаны сотта дәлелін тапты деп есептеп, сотталушы Ернар Жиенбайды қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуін сұраймын”, – деді прокурор.

Еске сала кетейік, бүгінгі сотта Руслан Берденов алғаш рет өзі жауап берді. Берденов бұған дейін өзіне қатысты тараған сыбыстарды жоққа шығарды.

21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жараланғаны хабарланған еді. Оқиға орнында болғандар Берденовтің жүргізушісі құтқарып қалғанын, күдіктіні ұстауға көмектескенін айтады. Бұл оқиғадан соң, атысқа себеп болған түрлі нұсқадағы алып-қашпа әңгімелер тарай бастады. Біреу жұмыс барысында келіспеушілік туындағанын айтса, енді бірі Берденовтің күдіктінің жарына көз салғаны туралы айтты. Артынша Берденовтің таныстары мен Жиенбайдың туыстары тарап жатқан ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар
Бүгін, 09:12

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →