×

Берденов ісін жүргізіп жатқан судья журналиске оғаш қылық көрсеткен

Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған

Берденов ісін жүргізіп жатқан судья журналиске оғаш қылық көрсеткен
Фото әлеуметтік желіден

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісін қарау барысында күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот  процесінде төрағалық етіп отырған судья Әбинұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарған. Бұл жайтты тілшінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бейнежазбаны бөлісті.

«Менің журналистік тәжірибемде небір жағдай болды. Бірақ судьяның тіл көрсеткенін алғаш рет көруім. Бүгін Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке қатысты процеске қатысып отырғанда, төрағалық етіп отырған  судья Қарабаев маған кенеттен тілін көрсетті. Әрине, таңқалдым. Сол сәтті бейнежазбаға түсіріп, сіздерге жария етуді жөн көрдім», – деп жазды Омарова.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, заңгерлер де үн қосты. Адвокат Ерлан Ғазымжанов судьяның әрекеті сот әдебіне қайшы екенін атап өтті.

«Судьяның мұндай қылығы – сот беделіне нұқсан келтіру. Бұл үшін оны істен шеттетіп, мәселені сот алқасына шығару қажет», – деді ол.

Еске салсақ, кеше прокурор сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды 11 жыл 3 айға соттауды сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар
Бүгін, 09:12

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →