×

Бестеректегі оқиға: балалар ата-әжесінің үйіне қонаққа келген

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.

Бестеректегі оқиға: балалар ата-әжесінің үйіне қонаққа келген
Абай облыстық әкімдігі

Абай облысының Үржар ауданында орын алған қайғылы жол апатына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс әкімдігінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан. Сонымен бірге 6-9 жас шамасындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті ем-дом жасап жатыр.

Зардап шеккендер – екі отбасының балалары. Қайтыс болғандардың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген болса, біреуі – Үржар ауданының тұрғыны. Ал жарақат алған балалардың екеуі Үржардан, біреуі Жарма ауданынан, - делінген мәліметте.

Әкімдік қаза болған балалардың отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетілетінін, сонымен қатар психологиялық әрі материалдық қолдау берілетінін мәлімдеді.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарының жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы жіберілген. Жағдай өңір басшылығының жіті бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның тұрғындармен өте дөрекі сөйлескен видеосы кешеден бері әлеуметтік желіге тарап кетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →