×

Бестеректегі жол апаты: санавиация екі баланы Астанаға жеткізді

Үшінші баланың жағдайы ауыр

Бестеректегі жол апаты: санавиация екі баланы Астанаға жеткізді
Фото әлеуметтік желіден

Санитариялық авиация борты Бестеректе жол апатынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Балалар Астана қаласындағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылады.

Ал тағы бір зардап шеккен бала – тоғыз жастағы қыздың жағдайы тұрақсыз болғандықтан, өңірде қалған.

Еске салсақ, Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында үйдің жанында, жол жиегіне жақын жерде ойнап жүрген балаларды жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оларды қағып кеткен еді. Оқиға салдарынан үш бала көз жұмып, енді үшеуі ауруханада жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның тұрғындармен өте дөрекі сөйлескен видеосы кешеден бері әлеуметтік желіге тарап кетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →